Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі үздік 1000 университеттер қатарында 165 орынға ие болды!

Толық ақпарат алу үшін осы жерді басыңыз

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, профессорлар, әріптестер! Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті өткен жылы QS рейтингісінде әлемдегі 1000 жоғары оқу орны арасында 207-орынды иеленді, ал биыл оқу ордамыз бүкіл әлем кезіккен сынақтар мен қиындықтарға қарамастан, өзін еліміздің ең үздік университеті ретінде нық сеніммен көрсетумен қатар,  әлемнің ең үздік 170 университет қатарына еніп, үлкен серпіліс жасады!

Біздің әрқайсымыздың қажырлы еңбегіміз бен қосқан үлесіміз университет басшылығының алға қойған мақсаттарымен бірге әлемдегі 1000 үздік университет тізімінде 165 орынға әкелді. Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және өзіміз осы үлкен команданың бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз.

Құрметпен, Әл-Фараби атындағы кітапхана.

Университеттер толық тізімін ашу үшін осы жерді басыңыз

170 университеттер қатарында Италии, Франции, АҚШ, Ұлы Британия, Канада и Тайвань мемлекеттерінің университеттері кіреді.

Италияндық Alma mater studiorum – university of bologna университеті ең көне университеттерінің бірі болып табылады. 1088 жылы қаланған, бүгінгі таңда әліде әлемдегі беделді университеттерінің бірі.

Франция елінің École normale supérieure de Lyon университетіде терең тарихы мен танымал, 1880 жылы қаланған.

Ағылшын University of Exeter университеті 1838 жылы колледж деңгейінен 1955 жылы аты өзгеріп ірі университетке айналып, 2019 жылы 23 мың студентен астам оқитын.

Сонымен қоса 170 университеттін қатарында ең көне АКШ университеттерінің бірі Case Western Reserve University (1826), Тайваньдық National Tsing Hua University (1911), Канадалық University of Waterloo (1959) және т.б.

Яндекс.Метрика