Біліктілікті арттыру институтының ұйымдастырушыларына

Әл-Фараби кітапханасын пайдалану ережесіне сәйкес біліктілікті арттыру институтының тыңдаушылары кітапхана қорын, оқырмандар залында тегін қолдануға құқылы. Ол үшін: біліктілікті арттыруды ұйымдастырып отырған жауапты қызметкер, факультеттен, кафедрадан немесе бөлімшелерден келген тыңдармандардың тізімін кітапхана абонементіне тапсыруы қажет. Мұнда, ұсынылған тізімге сәйкес, біліктілікті арттыру институтының тыңдаушыларына уақытша қолдануға арналған оқырман билеті беріледі. Осы билет бойынша біліктілікті арттыру институтының тыңдаушыларына әл-Фараби кітапханасының барлық оқу залдарында тегін қызмет көрсетіледі.