Қорды қалыптастыру

Қазақстан Республикасының кәсіби оқу орындарын лицензиялау және аккредиттеу, аттестаттау барысында талапқа сай бағалау үшін, әдебиеттер қоры қолданылады. Әл-Фараби кітапханасының қоры бірыңғай кітапханалық қор болып қалыптасады.

Әл-Фараби кітапхана қорының тақырыптық жинақталуы, университет кафедраларының, ғылыми қызметкерлерінің білім беру профилдік бағдарламалар бағыттары бойынша анықталады. Құжаттар мамандарды даярлау бағыттарына сәйкес іріктеледі, бакалавр және магистр салаларына және университет ректорының бекітуімен тақырыптық жоспарға сәйкес жүргізіледі .

Құжаттарға тапсырыс рәсімдеу баспалардан, кітап сататын мекемелерден, сонымен қатар университет кафедраларынан келіп түскен жазбаша сұранымдардың ақпараттық материалдары бойынша бір жыл көлемінде жүргізіледі.

Оқу құжаттары университет бағдарламаларына және оқу жоспарына сәйкес «Білім беру қызметтерін лицензиялау барысында ұсынылатын талаптармен» (2014 ж. 23 мамырындағы № 538, 2014 ж. 19 желтоқсандағы №1332 ҚР үкіметінің қаулысы) кафедра сұранымдары бойынша жинақталады. Кафедралар сұранымдардың сапалы және сандық сипаттамасын анықтайды және ҚР БҒМ/ОӘС РОӘК грифімен оқу құжаттарына мән береді.

Оқу залдары мен абонементтерде және барлық бөлімдерде оқырман сұраныcтарын қанағаттандыру мақсатында, ғылыми басылымдар мен құжаттардың барлық түрлері жинақталған.

Мерзімді басылымдарға «Қазпошта» АҚ каталогы бойынша жасалатын, факультет немесе кафедраның жазба сұранымдары бойынша қол жеткізеді (http://www.kazpost.kz/uploads/content/files/KazPost_2016.pdf), «Еуразия-Пресс» ЖШС агенттігі (мекен жайы: Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 6, 2-офис Тел: +7(727)382-34-87, +7(727)382-25-11. E-mail: evrasia_ press@rambler.ru және т.б).

Кітапхананың жинақтау бөлімі және кітапхана кеңесінің мүшелері, оқырмандар сұранымдарына байланысты кафедра сұранымдарының даналарына өзгеріс енгізуге құқылы.