Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қашықтан және сандық оқыту жүйесіндегі Эпиграф деректер қорының мүмкіндіктері.

Қашықтан оқыту платформасы

Мультимедиялық оқулықтар платформасы:https://mbook.kz/kk/index/

Бұл не?
Платформада мұғалімдерге оқушылардың жұмысын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік беретін 160-тан астам мультимедиялық оқулықтар жүктелген.

Бұл қалай жұмыс істейді?
1. Іздеу жолына саланың атауын енгізіңіз
2. Оқулықты таңдаңыз
3. Студенттерге қолжетімділікті қамтамасыз етіңіз

Электрондық кітапхана платформасы: https://elib.kz/

Бұл қалай жұмыс істейді?

Толығырақ ақпаратты:  http://elibrary.kaznu.kz/kk/node/1210

Оқу семинарын ұйымдастыру үшін менеджерге мына телефон арқылы хабарласыңыз: +7707225592

Эпиграф баспасы туралы қысқаша мәлімет:
Деректер қорындағы әдебиет атауларының 100%-ы журналдар, мақалалар немесе әдістемелер емес, олар оқулықтар мен оқу құралдары болып табылады.
Оқулықтар үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
Барлық оқулықтар қазақстандық өнім болып табылады, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары мен стандарттарына толық сәйкес келеді және мемлекеттік мекемелермен аккредиттелген.
Оқулықтар ең жақсы дизайнерлермен, редакторлармен өңделген, жоғары сапалы суреттермен жабдықталған.

«Эпиграф» электрондық қоры қазақстандықтар толығымен әзірлеген Қазақстан Республикасындағы бірінші  отандық баспасы.

«Эпиграф» дерекқоры отандық тұтынушылардың - Қазақстандағы университеттердің қажеттіліктеріне назар аудара отырып, өзінің мүмкіндіктерін дамытып, кеңейтуде. Деректер қорында  ұсынылған барлық оқулықтар мен оқу құралдарын Қазақстан Республикасының ең жақсы авторлары жазған және жетекші отандық «Эверо» баспасы шығарған.
Баспа үйі Қазақстан нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Оның жұмысы мамандар тарапынан жоғары бағаланып, марапаттармен расталды - «Еуропалық сапа», «Виктория ханшайымы ордені», «Қазақстанның құрметті азаматы», сонымен қатар 2014, 2015, 2016 жылдары «Сала көшбасшысы».

Өнім сандық оқу материалдарын қолжетімді ету үшін жасалған. Барлық қажетті оқу материалдар әрқашан қол астында болмақ. Сізге қажет оқулықты бір минут ішінде табуға болады, ал студенттер әлемнің кез келген нүктесінде тәулік бойы электронды оқулық арқылы білім ала алады.
 

--