Әл-Фараби кітапханасы барлық білім беру мекемелері мен оқырмандарға өзінің дерекқорларына ашық қолжетімділікті ұсынады.

Карантин режимін енгізу аясында білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқытуға көшуіне байланысты әл-Фараби кітапханасы өзінің толық мәтінді деректер қорына қолжетімділікті ұсынады. Сөйтіп, сіздерде онлайн кітап оқу мүмкіндігі пайда болды. Ол үшін сайтына өтіңіз. http://elib.kaznu.kz/​

Назар аударыңыз, әр адам кітаптарға сандық форматта онлайн тапсырыс бере алады, бірақ бұл қызмет аптасына тек 3 рет  қана жүзеге асырылады. Кітапты онлайн түрде қалай алуға болатындығы туралы толығырақ мына жерден қараңыз.

 Білу маңызды! Кітапты сандық форматқа аудару тек біздің кітапханада бар кітаптарға   ғана қатысты жүзеге асырылады! Кітаптарды біздің электрондық каталогты пайдалану арқылы
таба аласыз (электронды каталогты ашу үшін мына жерді басыңыз).

Электрондық каталогпен жұмыс істеу туралы бейне нұсқаулықты көру үшін мына жерді басыңыз.

Естеріңізге саламыз! Кітаптарға тапсырыс 3 жұмыс күні ішінде түскен тапсырыстар санына байланысты жасалады, тапсырыс дайын болғаннан кейін Сіздің поштаңызға кітаптың электрондық нұсқасына сілтеме жіберіледі.