Төтенше жағдай кезінде кітапхананың қандай қызметтері қол жетімді?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «COVID-19 коронавирустық инфекциясының білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда пандемияның таралуыа қарсы шараларды күшейту туралы» 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес әл-Фараби кітапханасының оқырмандарына абонемент арқылы қызмет көрсетіледі, яғни кітаптарды алып, қайтадан кері өткізуге, сонымен қатар онлайн өтініштерді тапсырыс беруге болады.

Кітапхананың интернеттегі қызметтерін пайдалану туралы нұсқаулықпен мына жерде танысуға болады. http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/2369