Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалын қалай қолдану керек?

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалын қолдану туралы нұсқаулық

Әл-Фараби кітапханасы бірнеше жыл бойы кітапханалық процестерді автоматтандыруды қолға алып, жұмыс жасап келеді. Автоматтандыру құралы ретінде ID-картасы бар әрбір студент және университет қызметкері  қолдана алатын өзіне-өзі қызмет көрсету терминалын айтуға болады.

Классикалық оқу залында орналасқан бұл терминал оқырманға менеджердің көмегісіз кітапты өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Назар аударыңыз! Кітаптар 1 күнге беріледі, келесі күні осы терминал арқылы кітаптың қолға берілу мерзімін ұзартуға болады.

1. Интерфейс тілін таңдаңыз (қазақ, орыс)

2. Өз ID картаңызды жоғарғы оң жақ бұрышқа қойыңыз

3. Кітапты сол жақ бұрышқа қойыңыз

4. Кітапты «Беру» түймесін таңдаңыз

5. Мәзірдегі «Қарыз» түймесін  басып, кітаптың тіркелгенін тексеріңіз.

6. Кітапты қайтару немесе қолдану мерзімін ұзартқыңыз келсе «Қайтару» түймесін таңдап, жоғарыдағы әрекеттерді қайталайсыз.