Үйден шықпай-ақ тағы қандай қызмет түрлерін алуға болады?

Кітапханың онлайн-қызметтері

Әл-Фараби кітапханасы ЮНЕСКО және ИФЛА-ның Көпшілік кітапхана туралы манифесі мен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын  қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша Ережелері» (2016 жылдың 19 қаңтарындағы № 44 Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің бұйрығымен бекітілген)  негізінде «ашық кітапхана»  ретінде өз мәртебесін растай отырып, қаржылай пайда табусыз білімге қолжеткізуді қамтамасыз етеді.  

Әрбір адам әл-Фараби Кітапханасының қорына  біздің университеттің студенті немесе қызметкері болу/болмасқа қарамастан қолжеткізе алады.

Сонымен, әл-Фараби кітапханасы:

  1. қордағы материалдармен танысу үшін дәстүрлі форматта ғана емес, сондай-ақ электронды нұсқасы да қолжетімді (мына жерден қараңыз);
  2. біздің сайтымыздың басты бетінде орналасқан (Scopus, Elsevier, Springer, Oxford journals және т. б.) дерекқорларға.
  3. «онлайн-тапсырыс» қызметі сандық форматта біздің қордағы кітаптарға  тапсырыс беруге мүмкіндік береді.

Кітапқа қалай онлайн-тапсырыс береміз?

1. Ол үшін кітапқа біздің қордағы кітаптардың ішінен электронды каталог арқылы іздеу жасауыңыз қажет (электрондық каталогқа өту үшін мұнда басыңыз).

2. Толық мәтінді дерекқорларға тіркелу үшін мұнда басыңыз, тіркелген жағдайда авторизациядан өтіңіз.

3. Тапсырыс жасау үшін мұнда басыңыз немесе толық мәтінді дерекқорларға  өтіңіз.

4. «Жұлдызшамен» белгіленген барлық жолдарды толтырыңыз, тапсырысыңыз 3 жұмыс күннің ішінде Сіздің e-mail мекен-жайыңызға сілтеме түрінде түседі.  

Назар аударыңыз! Материалдарды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» туралы ҚР Заңымен қорғалады.

Үйден шықпай-ақ тағы қандай қызмет түрлерін алуға болады?

Үйден шықпай-ақ тағы қандай қызмет түрлерін алуға болады?

Библиографиялық онлайн-анықтамасын алуға болады.

Егер Сізге біздің қорымыздағы авторлар мен олардың еңбектері туралы анықтама қажет болса мына жерден рәсімдеңіз

Анықтама түрлері:

• тақырыптық

• фактографиялық

• нақтылайтын

• адрестік-библиографиялық

Егер Сіз басқа қалада тұрсаңыз немесе Кітапхананы келіп көруге уақытыңыз жоқ болса...

Компьютер арқылы виртуалды тур жасаңыз, біздің негізгі залдар мен олардың орналасуын дәл қазір көріңіз. Виртуалды турды бастау үшін мұнда басыңыз.