Ұлттық ақпарат алу күні

Ұлттық ақпарат алу күні National Awarness Day Эразмус+ бағдарламасының Direkt жобасы аясында Әл-Фараби кітапханасында өтті. Жоба туралы толығырақ

2019 жылы Дәстүрлі ақпарат алу күні "Ақпараттық сауаттылық" және "Әлеуметтік желілер" тақырыптарына арналды.

Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби кітапханасы, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, сонымен қатар жоба қатысушылары Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары.

Дөңгелек үстелге, тәжірибелік семинарға және киноның көрсетіліміне кітапхана ісі мамандығының студенттері, "Атамекен" студенттік клуб мүшелері және т.б. ниет білдірушілер қатысты.