Германиялық академиялық алмасулар қызметі стипендиялық бағдарламалар жариялады.

Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті Германиялық академиялық алмасулар қызметі (DAAD) Алматы қаласында күз мезгілінде DAAD шәкіртақы бағдарламаларға қызығушылық танытатындарға арнайы ақпараттық семинарлар өткізетінін хабарлайды.  

2019 жылдың  қыркүйек-қазан айларында DAAD келесі мекен-жайлары бойынша ақпараттық семинарлар өткізеді:

Алматы қ., Назарбаев д-лы 173, Қазақстан-Неміс университетінің ғимараты, 1-қабат холл.

Алматыда өтетін DAAD ақпараттық семинарлар кестесі:

 26 қыркүйек 2019 ж. сағат 16:00-де

Магистратурада оқуға және зерттеу шәкіртақыларына арналған DAAD шәкіртақылық бағдарламалары бойынша жоғарғы курс студенттері, магистранттар, ғалымдар, ЖОО оқытушыларна арналған

ақпараттық семинар

22 қазан 2019 ж. сағат 16:00-де

DAAD «Жазғы жоғары оқу орындары курстары» шәкіртақылық бағдарламасы бойынша неміс тілін меңгеретін, сондай-ақ неміс тілінде резюме құрастыру және мотивациялық хат жазу семинары бойынша 2-3 курс студенттеріне, 1 курс магистранттарға арналған ақпараттық семинар.

 

Сабақ кестесіне сілтеме: http://www.daad.kz/ru/29729/index.html

Барлық сұрақтарға байлынысты info@daad.kz электрондық мекен-жайына хабарласыңыз.

Немесе келесі телефонға қоңырау шалуға болады: 8 (727) 293 89 23