Жас стартапшыларға арналған семинар-тренинг

Most бизнес-инкубаторы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Технопаркі  ұсынған жас  стартапшыларға арналған семинар-тренинг.

2019 жылдың 27 шілдесінде әл-Фараби Кітапханасында Bootcamp семинар-тренинг өтті, онда Технопарк директоры Темірбаев Әмірхан, BGC компаниясының негізін қалаушы Рахимова Айнура, коуч Мария Ковалева сөз сөйледі.

Бірнеше жас стартапшылар өз идеяларымен бөлісті, бизнесті дамыту мүмкіндіктерін талқылап, сауда дағдысын меңгеріп, мамандардан кеңес алды.