Scopus журналындағы процентильді қайдан көруге болады?

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2019 жылдағы диссертациялық кеңес туралы Ережеге сәйкес, Scopus деректер қорына мақалаларды жариялаудың маңызды өлшемшарты «процентиль 25-тен кем емес» болу қажет, бұл процентильді қайдан табуға болады?

 

Scopus деректер қоры сайтына кіреміз (ресми сілтеме http://elibrary.kaznu.kz/kk/node/1520 сайтында қолжетімді).

Бұдан әрі іздеу жолағына бізге қажетті тақырыпты, немесе кеңейтілген іздеуге журналдың нақты атауын еңгіземіз.

Іздеу нәтижесінде «Дереккөз» бағанында журнал атауын таңдаймыз.

Ашылған терезеде процентиль бағанында нақты сан көрсетіледі.

Сонымен қатар, журналдың индекстеуін https://www.scimagojr.com/journalsearch.php  сайтында журналдың атауын енгізу арқылы біле аласыз.