Бірінші курс студентіне қажет ақпарат?

Құрметті бірінші курс студенттері, сіздерді әл-Фараби кітапханасында қарсы алуға қуаныштымыз!

  • Бірінші курс студенттерін ID-карта алғанға дейін Кітапханаға тіркеу жеке куәлігі бойынша жасалады. ID-картасын алғаннан кейін қолданушылар оны оқырман билеті ретінде университетті аяқтағанша пайдаланады.
  • Тіркелгеннен кейін оқырман Кітапхананың пайдалану ережесімен танысып, оны қатаң түрде сақтауға міндетті.
  • Әдебиеттерді үйге беру абонементтерде жүзеге асырылады. (1-қабатта, Кітапхананың артқы жағында орналасқан).
  • Кітапқа тапсырыс беру кезінде оқырман ID-картаны (1 курс студенттері қыркүйек айының соңына дейін – жеке күәлігін) көрсетеді.
  • Кітапхана қорынан кітаптарды және басқа да материалдарды алған кезде оқырман оларды мұқият қарап шығуы қажет, басылымның қандай да бір ақауы бар екенін байқаса, кітапханашыға көрсетуі қажет, болмаса басылымның ақауы үшін жауапкершілік соңғы пайдаланған оқырманға жүктеледі.
  • Қолданушы әдебиетті бір семестрге немесе бір жылға алады. Оқу жылының соңында әдебиетті қайтармаған қолданушыға 1-тамыздан бастап айыппұл салынады.
  • Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар, сирек және құнды басылымдар тек оқу залдарында ғана пайдалануға беріледі.  Керек әдебиет абонементте болмай қалған жағдайда, оны кітапхананың http://elibrary.kaznu.kz. сайтының басты бетіндегі «Электрондық каталог» деген бөлімнен тауып алуға болады.
  • Жалғыз данадағы әдебиет үйге берілмейді, бірақ қажетті беттерін залдағы ксерокс аппараттары немесе ұялы телефон арқылы көшірме жасап алуға болады.

 

Келесі құжаттармен толығырақ танысуды ұсынамыз:

1) Кітапхананы пайдалану ережесі

2) Тұтынушылардың және кітапхананың құқықтары мен міндеттері

3) Қолданушылардың кітап қарыз болғаны үшін – айыппұл, жоғалтқаны үшін өтемақы төлеу туралы

 

Оқуыңызға сәттілік тілейміз!