Ресей ғылыми дәйексөз алу индексі» дерекқорының h-индексін қалай анықтау керек

Әрбір ғалымға, зерттеушіге h-индексі (Хирш индексі) немесе дәйексөз индексі (CiteScore) деген терминдер кездеседі, әр дерекқордың есептеу тәртібі әртүрлі және сондықтан көбі оның қалай жұмыс істейтінін түсінбейді. Осы мақалада біз Ресей ғылыми дәйексөз алу индексінің Хирш индексін қарастырып көрейік.

Ресей ғылыми дәйексөз алу индексі дерекқорының Хирш индексі  ғалымның аталған дерекқордағы барлық жарияланымдарының санына және олардан дәйексөз алу санына қарай автоматты түрде есептеледі.

Орындау тәртібі веб-сайтта көрсетілген.

1. «Ғылыми электрондық кітапхананың» веб-сайтына http://elibrary.ru/ мекен-жайы бойынша кіріңіз (кіру – тегін)  немесе https://elibrary.ru/authors.asp сілтемесі бойынша кіріңіз.

2. «біз Ресей ғылыми дәйексөз алу индексі» бөлімін таңдаңыз.

3. «Авторларды іздеу» тармағын таңдаңыз.

4. Автордың аты-жөнін теріңіз. Регистр маңызды емес.

5. Қажет болса, тақырыпты, ұйымның, қаланың, облыстың, елдің атауын көрсете отырып, іздеу аумағын тарылтуға болады.

6. Іздеуді іске қосыңыз.

7. Хирш индексі (h-индексі) кестеде үшінші көрсеткіште берілген.

Толығырақ ақпаратты ГПНТБ СО РАН сайтынан табуға болады.

Басқа ғылымиметрикалық көрсеткіштерді  http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/270 сілтемесі бойынша табуға болады.

Сондай-ақ  http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/1456 бөлімін қарап шығуды ұсынамыз