Сізге қолайлы болу үшін жаңа қызмет - электрондық поштаңызға тапсырыс берген әдебиеттердің берілгені/қайтарылғаны туралы хабарлама жіберу қызметі еңгізілді

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрметті қолданушы, сізге  электрондық поштаңызға тапсырыс берген әдебиеттердің берілгені/қайтарылғаны туралы хабарлама жіберу қызметі енгізілді.

  1. Абонементтен кітаптарды алғаннан кейін электрондық поштаңызға алған кітаптарыңыз көрсетілген хабарлама жіберіледі.
  2. Кітаптарды қайтарған кезде электрондық поштаңызға қалған басылымдар көрсетілген немесе кітапханаға қарызыңыз жоқ деген хабарлама жіберіледі.
  3. Хабарлама келмеген немесе қате ақпаратпен келген жағдайда абонементке дереу хабарласыңыз.

Бұл маңызды! Түсініспеушілік туындамау үшін кітапханаға тіркелу кезінде электрондық поштаңыздың мекен-жайын дұрыс көрсетуіңізді сұраймыз!