Студенттер арасындағы «Жыл оқырманы» сайысы өз мәресіне жетті

2019 ж. сәуір айының 30 жұлдызында әл-Фараби атындағы кітапханада «Жыл оқырманы» байқауы өтті. Байқау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба бойынша ҚазҰУ студенті оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік авторлардың классикалық шығармалары таңдалдып, тізімі жасалдыған болатын. Әл-Фараби кітапханасы ұйымдастырған «Жыл оқырманы» байқауының негізгі мақсаты – жастарды кітап оқуға тарту арқылы студенттердің тұлғалық дамуына, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету, белсенді оқырмандарды анықтап, ынталандыру.

Байқау қорытындысы бойынша, «100 кітап» жобасындағы тізімнен ең көп кітап оқыған, жан-жақты білімді, қазақ және шетел әдебиетін жетік білетін ең үздік оқырман филология және әлем тілдері  факультетінің 2 курс студенті Игілік Сабина «Жыл оқырманы» дипломымен марапатталды. Ал, Мамежанова Әсем, Үсенова Назерке, Айтқазы Шұғыла,  Алиев Әзімбек Қойлыбай сияқты талапты да, талантты, өз зеректілігімен көзге түскен студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды.

 Сонымен қатар, жобаға белсене қатысып, өнерлерімен көзге түскен Жеңісова Күмісай, Мурсалы Намаз, Құрбанәлі Назерке, Әзімбек Алтынай, Әлішер Шолпан, Төленді Камшат, Бүркітбаева Ақбота, Алмат Орынгүл, Сиргебаева Мөлдір, Әлішер Шолпан, Парда Бибіфатима, Нұрбекова Айдана, Төлен Динара  сияқты студенттер «Қазақ классикасын оқудағы үздік оқырман» «Шетел әдебиетін оқудағы озық оқырман», «Поэзия оқуларының майталман оқырманы», «Көркем сөздің шебері», «Әл-Фараби атындағы кітапхананың тұрақты оқырманы», «Әл-Фараби атындағы кітапхананың зияткер оқырманы», «Өнерлі оқырман», «Талғампаз оқырман», «Болашақ әдебиет зерттеуші» номинацияларына ие болды.