John Wiley & Sons

John Wiley & Sons
John Wiley & Sons (қысқаша атауы - Wiley) - бай тарихы мен мазмұнды  коллекциясы мен ғылымға, жоғары білім беруге және бизнес саласына арналған шешімдері бар әлемдегі ең байырғы академиялық (ғылыми) басылымдардың бірі 
Баспа білімнің барлық салалары бойынша материалдарды жариялайды. Қазіргі уақытта компания 21 000-нан астам ғылыми кітапқа (жыл сайын 1000-ға жуық жаңа басылым шығара отырып), 1600 ғылыми журналға (оның ішінде көптеген танымал және беделді басылымдар), сондай-ақ энциклопедиялар мен анықтамалықтарға, химия және медицина бойынша ғылыми ақпараты бар (дәлелді медицинаның Кокрейн кітапханасын қоса алғанда) дерек қорларға ие. Баспаның ғылыми контенті (мазмұны) Wiley Online Library (www.onlinelibrary.wiley.com) платформасында берілген.
Баспа үйінің журналдарында Нобель сыйлығының 450-ден астам лауреатының еңбектері жарияланды. Жыл сайын Wiley журналдары дәйексөз алудың жоғары көрсеткіштері мен импакт-факторларын көрсетеді, оның ішінде көп басылымдар өздерінің салалары бойынша рейтингтің бірінші жолдарына ие болуда. 
Тестілік қолжетімділік аясында университетте Wiley журналдарының ең кең жиынтығына – қазіргі уақытта шығатын 1500-ден астам ғылыми басылымға қол жеткізуге болады. Сонымен қатар 20 жылдан астам тарихы бар –  1997 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі мұрағаттық контент те ашық.  Журналдардың тақырыптық қамтылуы заманауи ғылымның барлық пәндік бағыттарынан тұрады.