Теледидар дарабозы

Осы айдың  15 наурызында журналистика факультетінің ұйымдастыруымен филология ғыдлымдарының кандидаты, доцент, ССР жазушылар одағының  мүшесі Совет Масғұтовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Совет Масғұтов және қазақ телевизиясы: классикалық дәстүрден цифрлық дәстүрге дейін» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Конференцияға майталман да ардагер журналистер қатысып, бүгінгі, болашақтағы журналистиканың жағдайы жөнінде сөз қозғады. Осы іс-шараға орай әл-Фараби кітапханасы ғалымның еңбектері мен шығармашылығына, тележурналистикаға байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Масғұтов «Көгілдір экран-өмір айнасы», «Телевизиялық журналистика негіздеріне кіріспе» атты еңбектері мен ғалымның шығармашылығына арналған баспасөз беттеріне шыққан мақалалары қойылды және  де Ж. Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты», «Тележурналистика», М. Бекбауов «Көгілдір экран», Ә. Молдабаев» Хабардың бес белесі», М.К. Абдраев «Телехабар жасау технологиясы», үш томдық «Қазақ журналистикасы», екі томдық «Қазақ телевизиясы» энциклопедия т. б көптеген монографиялар мен оқулықтар қойылды. Шара соңында ұйымдастырушылар әл-Фараби кітапханасына Совет Масғұтовтың өлеңдері, қазақ телевизиясының тарихы, дамуы, қызметтес дос, жолдастарының, жазушылардың және шәкірттерінің әр жылда жазылған еске алу, ой-толғауларынан тұратын «Теледидардың дарабозы» атты естелік кітабын сыйға тартты.