IPR MEDIA компаниялары тобы «IPR BOOKS ЭКЖ-сінің (электрондық-кітапханалық жүйе) мүмкіндіктері шеберлік сабағына қатысуға шақырады

IPR MEDIA компаниялары тобы Сізді «IPR BOOKS ЭКЖ-сінің (электрондық-кітапханалық жүйе) мүмкіндіктері. Оқу үдерісін тиімді құруға арналған заманауи қызметтер мен технологиялар. Авторлар үшін «IPR MEDIA компаниялары тобымен ынтымақтастықтың артықшылықтары» атты бірегей шеберлік сабағына қатысуға шақырады.

Іс-шара 2019 жылдың 13 ақпанында сағат 15-00-де өтеді. Өткізілетін орны – Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71/27, әл-Фараби кітапханасы, 3-қабат (308 аудитория)

Цифрлаудың маңызды бағыттарының бірі электрондық кітапханалық жүйені енгізу болып саналады. Қазір ЭКЖ – білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылатын және онсыз заманауи кітапхананы жинақтап толықтыру және дамыту қиынға түсетін қуатты ресурс.

IPR MEDIA компаниялары тобы пайдаланушылардың ЭКЖ-мен тиімді жұмыс істеуі үшін жаңа инновациялық шешімдерді енгізуде. Шеберлік сабақ аясында IPR MEDIA компаниялар тобының даму жөніндегі директоры Кутуева Вита Викторовна IPR BOOKS жаһандық цифрландыру жағдайында ЖОО кітапханаларының кітап жинақтау және професмсорлық-оқытушылық құрамының пәндері бойынша жұмыстық бағдарламаларын кітаппен қамтамасыз ету үдерістерін автоматтандыруға бағытталған  электрондық-кітапханалық жүйесінің жаңа және қажетті технологиялары туралы әңгімелейді.

IPR MEDIA компаниялары тобы – білім, ғылым және бизнеске арналған IT-ресурстардың ірі әзірлеушісі, сондай-ақ оқу және ғылыми әдебиеттердің баспасы. IPR BOOKS ЭКЖ-сі оқу және ғылыми әдебиеттердің отандық толық мәтінді дерекқорлары көшбасшыларының бірінші үштігіне кіреді. IPR BOOKS ЭКЖ-сінде130 мыңнан астам жарияланым бар, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; «Нұр-Принт»; Қазақ гуманитарлық-заң университеті баспаларының қазақ тіліндегі әдебиеттері де бар.

Шеберлік сабақтың барлық қатысушыларына атаулы сертификаттар беріледі.

Қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdka-dcxmcBmY2iCFeyZ-xSZTa4yAXwAxD5BC-JYVeKwl_jpA/viewform

Семинар туралы сұрақтарды 8-800-555-22-35 (қос. 145) телефоны бойынша қоюға немесе v.kutueva@iprbooks.ru.  электрондық поштасы бойынша жіберуге болады:

IPR MEDIA КТ сайты

IPR BOOKS ЭКЖ

IPR MEDIA КТ әлеуметтік желілерде:

Facebook

ВКонтакте