әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институтының құрылғанына салтанатты іс шара өткізілді

2019 жылдың 18 қаңтарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институтының құрылғанына салтанатты іс шара өткізілді. Мерекелік іс шарада Қазақстан республикасының Қарулы күштерінің ардагерлері – бірінші тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі Басқарма бастығы - отставкадағы полковник Шампиев Мэлс Джуманович, Қазақстан халқының ассамблея мүшесі отставкадағы полковник Мамсуров Казбек Владимирович.Құрметті қонақтар әскери кафедраның оқу-материалдық базасымен,әскери-патриоттық жұмыстарының Орталығымен таныстысып жоғарғы деңгейлігін атап кетті. Оқу-материалдық базаны таныстыру кезінде жаңа "Психологикалық қолдау Орталығы" әскери педагогика және психология -аудиториясының салтанатты ашылуы өткізілді.Осы іс-шараға орай әл-Фараби атындағы кітапханасы Уиверситетіміздің 85-жылдығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырып қонақтарға таныстырды. Көрмеге оқу орнының алғаш ашылған кезінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңдердегі кітаптар мен мақалалар қойылды. Арнайы 40, 50,70,75,80,85 жылдықтарда шығарылған кітаптар мен университеттің сәулеті туралы жинақтар топтастырылды. Бұдан бөлек тәрбие ісіне байланысты шығарылған университет ұстаздарының еңбектері шығарылды. Қонақтар мерейтойларға шыққан кітаптарға қызығушылық танытып, өз әсерлерін қалдырды.