«Ұлы даланың жеті қыры және қазақ философиясының өзекті мәселелері» атты  профессор  Г. Н. Нұрышеваның 60 жасқа толу мерейтойына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Г. Н. Нұрышева 60 жас

Әл-Фараби атындағы кітапханасында  философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ философиясының өзекті мәселелері» атты  профессор  Г. Н. Нұрышеваның 60 жасқа толу мерейтойына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Осы іс-шарада ғалымның өмір белестері, ғылыми еңбектері, оқулықтары, мерзімді басылым беттеріне шыққан мақалаларынан көрме жасалынды. Көрмеге «Философиялық антропология», «Философия тарихы», «Философия», «Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық талдау», «Еуропалық орта ғасыр және қайта өркендеу философиясы», «Ғылыми таным философиясы» сияқты еңбектері мен  мерзімді басылым беттеріне шыққан ғылыми мақалалары қойылды. Қонақтарға қойылған көрме бойынша шолулар жасалынды.