«XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Әл-Фараби атындағы кітапханада тарих, археология және этнология факультеті ұйымдастыруымен «XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді шешуге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Дөңгелек үстелде ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Көмеков Болат Ешмұхамедұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры, филол.ғ.д., профессор Қажыбек Ерден Задаұлы, ҚР ҰҒА құрметті академигі, Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерделеу республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, т.ғ.д., профессор Омарбеков Талас Омарбекұлы, Тұран-Иран ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филол.ғ.д., профессор Жеменей Ислам, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Кабульдинов Зиябек Ермұханұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Геттинген университетінің құрметті профессоры Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Төлеубаев Әбдеш Ташкенұлы қатысты. Осы іс-шараға орай  кітапхана қызметкерлері «XXI ғасырдағы ұлттық тарихи сана мен қоғамның дамуы» тақырыбында көрме қойды. Көрмеде мақалада айтылған барлық тарихи бағыттар бойынша әдебиеттер топтастырылған. Оқырман қауымы өздерін қызықтырған атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилінің өнері, алтын адам, түркі әлемінің бесігі секілді тақырыптарды кеңінен тануға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, Рухани Жаңғыру бағдарламасына қатысты, Қазақстанның қасиетті жерлері, ежелгі қалалар мен мәдениет, зергерлік және сәулет өнері  туралы әдебиеттер мен ғылыми еңбектерден шолулар жасалынды.