Юрайт

Құрметті Әл-Фараби кітапханасының пайдаланушылары, сіздерге «Юрайт» баспасының электрондық-кітапханалық жүйесіне (ЭКЖ) 1 айға тестілік қол жеткізу мүмкіндігі берілгенін хабарлаймыз.

Жүйе 2019 ж. 15 қаңтар – 2 ақпан аралығында ашық болады.

Тестілік қолжетімділік кезінде кітапхана пайдаланушылары, оқытушылар және студенттер «Юрайт» баспасының бүкіл ассортиментімен таныса алады және әр оқытушыға өзінің пәндеріне сәйкес оқулықтарды іріктеп алу үшін жеке кабинет ашу мүмкіндігі беріледі.  Сондай-ақ осы кезеңде кітапхана қызметкерлері мен оқытушылар үшін вебинарлар өткізіледі.

«Юрайт» ЭКЖ-сін қалай пайдалану керек

https://www.biblio-online.ru/how_to_use

Жиі қойылатын сұрақтар

https://www.biblio-online.ru/faq

1. «Юрайт» ЭКЖ-сін пайдалану үшін ең алдымен біздің оқу орнымыздағы кез келген компьютерден тіркеліп, бір рет болса да жеке кабинетке кіру қажет (мұны пайдаланушыны оқу орнына «байлау» үшін істеу керек).

2. Содан кейін оқытушылар мен студенттер ЭКЖ-ге кез келген компьютерден және мобильді құрылғыдан кез келген жерден қол жеткізе алады!
«Юрайт» ЭКЖ-сінің оқытушыларға арналған шеберлік сабақтары:

Оқытушыларға арналған шеберлік сабақ: Тіркелу. Мобильдік қосымша. Каталог

Оқытушыларға арналған шеберлік сабақ: Оқытушының жеке кітап сөресі. Өтінімдер. Тапырыстар

Оқытушыларға арналған шеберлік сабақ: Пәндер бойынша жұмыс бағдарлама шаблондары. Медиаоқулықтар.

Оқытушыларға арналған шеберлік сабақ: Онлайн-тестілеу. Серіктестік бағдарламасы

Сонымен қатар оқытушылар үшін «Оқытушының жеке кітап сөресі» бағдарламасы аясында оқытатын пәндері бойынша оқулықтарға тегін жазылу мүмкіндігі бар.

Бұл бағдарламаның қатысушысы болған оқытушы:

                1. Өз пәндері бойынша барлық оқулықтар туралы ақпарат алып отырады;

                2. Электрондық кітапханадағы жеке кабинетінде өз пәндері бойынша толықмәтінді оқулықтарға қол жеткізе алады;

                3. Вебинарлардың әдістемелік материалдарын, анонстарын алып отырады.

                4. Студенттерді тестілеу нәтижелеріне қол жеткізіп, білімді автоматты түрде тестілеу және тексеру модулін алады.

Пайдалы материалдар:

Каталог бойынша көшу. Іздеу. (Жүктеу)
Мәтінмен жұмыс. Бетбелгілер. Дәйексөздер. (Жүктеу)
Оқытушыларға арналған ақпарат. (Жүктеу)
Оқытушы өтінімі бойынша нұсқаулық. (Жүктеу)