«Лань» баспасының ЭКЖ баспа топтамасына тестілеу қолжетімділігі ашық

Әл-Фараби кітапханасы «Лань» баспасының ЭКЖ баспа топтамасына тестілеу қолжетімділігі ашылғанын хабарлайды.

Тестілеуге рұқсат мерзімі 2015 жылдың 16  қазанынан бастап 16 қарашаға дейін.

«Лань» баспасының ЭКЖ — «Лань» баспасының кітаптарының электронды нұсқаларын қосатын және басқа оқу әдебиеттерінің жетекші баспалары, сонымен қатар жаратылыстану, техника және гуманитарлық ғылымдары мерзімді басылымдардың электронды нұсқасы бойынша ресурсы.

Ресурсты құрудың мақсаты — бейінді бағыттардың максимал саны бойынша ғылыми, оқу әдебиеттері мен ғылыми мерзімді басылымыдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондықтан электронды – кітапханалық жүйенің ассортименті үнемі кеңейтілуде.

ЭКЖ жұмыс жасау үшін Сізге университеттің жергілікті торабы бойынша кез келген компьютерден  www.e.lanbook.com сайтына кіру қажет, пайдаланушының өзінің жеке кабинетін тіркеп және осыдан кейін кез келген интернет бар жерден ЭКЖ ресурсымен жұмыс жасауға болады.
Келесі мүмкіндіктерге қолжетімді:

Пайдаланушының жеке кабинеті : виртуалды кітап сөресі, кітаптарға мақалалар, түсініктемелермен бетбелгі,  дәйексөз алу, конспектілеу, қашықтықтан қолжетімділік.