«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Жаңа гуманитарлық білім» атауымен кітапхана қорындағы әдебиеттерден топтастырылған кітап көрмесі өткізілді

Әл-Фараби атындағы кітапхананың №308 топтық жұмыс залында тарих, археология және этнология факультетінің  ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20 қыркүйек айында Қазақстан республикасы халықтарының тілдері күніне орай «Тіл – ұлтымыздың айнасы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Жаңа гуманитарлық білім» атауымен кітапхана қорындағы әдебиеттерден топтастырылған кітап көрмесі өткізілді. Кітап көрмесіне елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылып шығарылған кітаптар оқырман назарына ұсынылды.