You are here

Қолданушылардың кітап қарыз болғаны үшін – айыппұл, жоғалтқаны үшін өтемақы төлеу туралы

Кітап қарыз болғаны үшін айыппұлдар

1. Қолданушы әдебиетті бір семестрге немесе бір жылға алады. Қолданушы алған басылымдарды уақытылы қайтаруға немесе қолдану мерзімін абонемент пен оқу залдарында ұзартып алуға тиіс. Оқу жылының аяғында кітапты қайтармаған қолданушыға 1-тамыздан бастап әрбір кешіктірілген күн үшін 30 теңгеден айыппұл салынады.

2. Оқу залынан кітаптарды үйге өзіне-өзі қызмет көрсету  терминалы арқылы үш күнге алуға болады. Кітапты уақытында қайтармаған жағдайда қолданушыға әрбір кітапқа 500 теңге көлемінде  айыппұл салынады және әрі қарай кешіктірсе 100 теңге  қосылып отырады.

3. Қолданушы кітапхана кітабын жоғалтқан  немесе кітапты жыртқан жағдайда келтірген залалын келесі жолдармен толтыруға міндетті: 

1) орнына дәл бірдей кітап әкеліп беру арқылы;

2) кітапхана жоғалған басылымға сәйкес деп мойындайтын басылым әкеп беру арқылы (жоғалған кітаптардың орнына ұсынылған кітаптар тізімі);

3) Жоғалған басылымның нарық құнын өтеу арқылы.

4. Жоғалған кітап құнын өтеу үшін немесе кітапты уақтылы қайтармаған үшін айыппұл төлемдер университет кассасында, болмаса   «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында жүзеге асырылады.

Назар аударыңыз! Кітапхана қызметкеріне төлемақыны қолма-қол қаражат түрінде қабылдауға тыйым салынады, ондай жағдайда кітапхана әкімшілігіне (кабинет 206,  тел. 8(727)2211701) хабарласу керек немесе Шағымдар мен ұсыныстар кітабында қызметкердің аты-жөнін көрсетіп, шағым қалдыру керек.

4. Кітапхана мүлкіне (құрал-жабдық, техника, жиһаз, т.б.) залал келтірген жағдайда қолданушы оның толық құнын өз есебінен өтеуі тиіс.

5. Кітапхананы пайдалану ережелерін бұзған жағдайда; жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтамаған жағдайда қолданушыға Кітапхана қызметтерін қолдануға толығымен немесе уақытша шектеу қойылуы мүмкін.

6 Ережелерді бұзған немесе кітапханаға залал келтірген тұлғалар Кітапхананы пайдалану ережелеріне және ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапкершілікке тартылады