Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында  журналистика факультетінің түлектерінің ұйымдастыруымен «Біз!» атты жинағының тұсаукесері өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында  журналистика факультетінің 40 жыл бұрынғы түлектерінің ұйымдастыруымен З. Абажанова. Ж. Бекболатұлы, Б. Болатханованың құрастыруымен «Біз!» атты эсселер, мақалалар, естеліктер мен өлеңдерден жинақталған сұхбттар жинағының тұсаукесері өтті. Бұл кітап-осыдан 40 жыл бұрын Қазақ Мемлекеттік  университетіндегі Республикамыз бойынша журналистика факультетін тәмамдап, өмірге қанат қаққан бір топ ұшқыр қалам иелерінің, белгілі телерадиожурналистикасының тағлымды тағдыр жолдары хақында жол шертетін өмірбаяндық эссе, зерттеу мақалалары мен сұхбаттар жинағынан тұарды. Бұл кітапта курстастардың әрқайсысының  өмірбаяны, еңбек жолдарынан қос ғасырдағы қазақ журналистикасының да өсу сатыларын байқауға болады. Бұл кездесуде түлектер студенттік кездеріндегі уақыттарынан сыр шертісіп, қуаныштарын бөлісті. Отырыс соңында кітапханаға кітаптың бірнеше данасын сыйға тартты.