ТМД елдерінің КАА және ҚЖ орталықтарының анықтамалығы біздің сайтымызда бар!

ТМД елдерінің КАА және ҚЖ орталықтарының жаңа анықтамалығы шықты.

Кітапханааралық абонемент (КАА) пен құжатты жеткізу (ҚЖ) жүйесінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Ресей мемлекеттік кітапханасының (РМК) Қосымша қызмет көрсету басқармасы Қашықтықтан қызмет көрсету және КАА орталығының мамандары ТМД елдерінің КАА және ҚЖ орталықтарының анықтамалығын қайта шығару үшін өзекті ақпарат жиналды. Жаңаланған Анықтамалық басып шығарылып, бірінші даналары Ресейдің Владимир қаласында 2018 ж. мамырында өткен Ресей кітапханалық қауымдастығының  КАА және ҚЖ бойынша секциясының мәжілісінде таныстырылды.

ТМД елдерінің КАА және ҚЖ орталықтары анықтамалығының электрондық нұсқасы РМК-нің ресми интернет-ресурстарында жарияланды. 

Сіздерге ыңғайлы болу үшін құжат біздің сайтта да – кәсіптік ресурстарда (өту өшін сілтемені басыңыз) орналастырылды.

 

РМК сайтына сілтеме http://udo.rsl.ru/info/mba