Scopus мәліметтер қоры

Scopus – рецензияланған әдебиеттің ең ірі реферативтік және анықтамалық деректер қоры: ғылыми журналдар, кітаптар және конференциялардың материалдары. scopus.com

Неге Scopus дерекқорымен жұмыс істеу керек?

  • Бүкіл әлемнен 5000-нан астам ғылыми басылым
  • 22 мыңнан астам мерзімді басылым
  • 70 миллионнан астам ғылыми мақала
  • Scopus ғылыми мақалалар мен дәйексөздердің дерекқорлары арасында №1
  • Сіздің ғылыми жұмысыңызды жақсартуға көмектесетін ғылыми материалдар мен зерттеулер нәтижелерінің талдау қоры
  • Халықаралық ғылыми әлемде сыртқы сарапшылар мен әлеуетті қосымша авторларды табуға көмектесетін дерекқор
  • Қаржыландыру жөнінде өтініш беруге немесе ұйымыңыздың зерттеу сұраныстарына қолдау көрсетуге болады

Scopus-та қалай тіркелуге болады?

Жаңа пайдаланушы ретінде тіркелу үшін Register  (Тіркеу) түймешігін басыңыз. Тіркеу терезесіне қажетті ақпаратты – аты-жөніңіз бен электрондық поштаңыздың мекен-жайын енгізіңіз.

Қолданушы ретінде тіркелгеннен кейін электрондық поштадан хабарламалар сияқты дербес функцияларды орнатуға болады.

Сол қолданушы аты мен құпия сөзді пайдалану арқылы ScienceDirect және Engineering Village-ға да кіре аласыз. Қайтадан авторизация жасау талап етілмейді.

Егер сізде қолданушы аты мен құпия сөз болса, Login-ді (Кіру) басып, оларды енгізудің тиісті жолдарына енгізіңіз. Осы ақпаратты компьютеріңізде сақтап, кірген сайын қайта енгізбеуіңіз үшін Remember me (Мені есте сақтау) белгісін қойыңыз.

Тіркелген қолданушының жеке кабинеті (My Scopus):

Тіркелген қолданушыларға арналған функциялар:

  • Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша жаңалықтардан хабардар болып отыру үшін электронды пошта хабарландыруларын орната аласыз.
  • Сіздің іздеген сұраныс нәтижелеріне сәйкес келетін жаңа құжаттардың пайда болуы туралы хабарландырулар
  • Автордан дәйексөз келтіру туралы хабарлама
  • Құжаттан дәйексөз келтіру туралы хабарлама
  • Менің тізімімді тексеру (Check My list)
  • Сіз мақалаларды уақытша немесе сақталған тізімде тексере аласыз.
  • Жеке баптауларды/құпия сөзді өзгерту
  • Баптаулар (Settings) мәзірінен электрондық пошта мекен-жайын, құпия сөзді, RefWorks логин/паролін, т.б. өзгертуге болады.
  • Тіркелген пайдаланушылар Scopus-тағы сыртқы көріністі және іздеу баптауларын дербестендіре алады.