Ғылым қорымен бірлескен семинар өтеді

2018 жылдың 22 маусымында ҚазҰУ-да «Ғылым қоры» АҚ «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңы ережелерін ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтеді.

Семинар жұмысына ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушы-профессорлық құрам, сонымен бірге Алматы қаласының басқа да ЖОО мен ҒЗИ өкілдері және кәсіпкерлер қатысады. Семинарға ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға грант алуға қызығушылық танытқан барлық адамдар шақырылады.  

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби атындағы кітапахасы, № 409 конференц-залы. 

Басталу уақыты сағ. 10.00

Қосымша ақпарат бойынша: +7 7272211163, 2211399