Уахит Шәлекенов

Түрік этностарының, соның ішінде қазақ халқының шынайы тарихы әлі жазылған жоқ. Олай болса, рухани жаңғыруды өзіміздің төл тарихымызды жазудан бастайық. Ол ұлттық санамызды қалыптастырушы.
Уахит Шәлекенов

2018 жылдың 4-ші мамырында тарих, археология және этнология факультетінің 405-аудиториясында Ұлы Отан соғысының ардагері У. Х. Шалекеновпен өткен кездесуге ғалымның шығармашылығына байланысты кітапхана тарапынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жорға қаламын қатты қысып ұстап тұрған қажырлы әрі қайсар ғалымның «Орталық Азиядағы Ариилердің өркениеті», «Дүниежүзі этнографиясының негіздері: шығыс және шетел европа халықтары», «Құм басқан қала», «Қазақ өркениеті», «Шыңғысхан – моңғол және түрік этностарын біріктіруші», «Әлем халықтарының этнологиясы», «Город Баласагун в V-XIII веках», «Түріктердің отырықшы өркениеті», «История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в XVIII-XX вв.», «Баласағұнның жұмбағы шешілді», «V-XIII ғасырлардағы Баласағұн қаласы», «Әлем халықтарының этнографиясы» сынды еңбектері мен қайраткердің өзі жайлы жазылған мақалалары өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен оқырмандар назарына ұсынылды.