«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының кітаптары –  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алдағы уақытта қоғамның барлық саласында ауқымды жобалар мен реформаларды жүзеге асыру бойынша бір қатар міндеттер қойған болатын. Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жоба аясында әлемнің үздік оқулықтары мемлекеттік тілге аударылып, қазақстандық оқырманға қол жетімді болады.

Құрметті студенттер, оқытушылар, оқырмандар! Әл-Фараби кітапханасына осы жоба аясында философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, антропология, инновация, медиа салалары бойынша аударылған алғашқы 17 кітап түскенін хабарлаймыз. 
Кітаптарды университет кітапханасының оқу залында және кітапхана сайтында толықмәтінді форматта оқуға болады.