«Жыл оқырманы» байқауына қатысуға шақырамыз!

Құрметті студенттер! Сіздерді университеттің «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында жыл сайын өткізілетін  «Жыл оқырманы»  байқауына қатысуға шақырамыз! 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

Кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, студент жастарды оқуға тарту, кітаптың  құндылығын ұғындырып, дәстүрлі  оқуды сақтау және дамыту,  кітапхананың мерейін арттыру, студенттер арасынан үздік оқырмандарды айқындау.
Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, жан-жақты білімді оқырмандар санатын іріктеу. 

Байқаудың шарттары:

І. Оқыған кітаптар бойынша сауалнама толтыру

Байқау сұрақтарын электронды түрде https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd8nIiCZH4mFFqvV_tHNcjhaspEXAHr... сілтемесі арқылы толтырасыз немесе классикалық оқу залынан дәстүрлі қағаз түрінде толтыруға болады. Байқау сұрақтарының жауаптары 2018 жылдың 23-25 сәуір аралығында қабылданады. 

ІІ. Шығармашылық кезең 

26.04.2018 ж. Әл-Фараби кітапханасы, 302-каб. сағ. 10.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.
Бұл кезең барысында байқауға қатысушылардың «100 кітап» тізіміне енген шығармалар бойынша оқырман конференциясы өтеді.

1. «100 кітап» тізіміндегі поэзия және прозалық шығармалардан үздік үзінділер оқылады (регламент 3 минут)
2. «100 кітап» тізімі бойынша кез келген шығармалардан әділқазы алқасының мүшелері сұрақ қояды.
3. Эссе жазу.

III. Қорытынды кезең.

Әділқазылар алқасы қатысушы студенттердің кітап оқу және жауап беру деңгейіне қарай үздік  оқырмандарды («Жыл оқырманы», 1-3 орындар) және түрлі номинация («Қазақ классикасын оқудағы үздік оқырман» «Шетел әдебиетін оқудағы озық оқырман», «Поэзия оқуларының майталман оқырманы», «Көркем сөздің шебері», «Әл-Фараби атындағы кітапхананың тұрақты оқырманы», «Әл-Фараби атындағы кітапхананың зияткер оқырманы»)  иегерлерін анықтайды.

Қорытынды кезең Әл-Фараби кітапханасы, 308-каб., 2018 ж. 28 сәуірінде сағ. 11.00. өтеді

Анықтама телефондары: 393-19-13, 393-25-98, көпшілікпен жұмыс жасау кабинеті (205), Манапбаева Жулдыз, 8-707-312-1701 

Біздің әлеуметтік желілеріміз: www.vk.com/library_al_farabi,  www.facebook.com/Librarykaznu/, Instagram elibrary.kaznu