Бексұлтан Нұржеке-ұлымен кездесу кеші өтті

2018 ж. 12 сәуірінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында әл-Фараби атындағы кітапхана қызметкерлері мен филология және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен жазушы, халықаралық алаш сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржеке-ұлымен кездесу кеші өтті. Бұл кездесу жазушының «Әй дүние-ай» туындысы мен шығармашылығына арналды Кешті филология және әлем тілдері факультетінің доценті Ләйлә Мұсалы сөз сөйлеп ашты. Ақпараттық технологиялар факультетінің ұстазы Болат Әбенов те қатысып, жазушының шығармашылығы мен азамат ретіндегі ерекше қырларын әңгіме етті. Әдебиет және теория кафедрасының аға оқытушы  Солтанаева Еркінгүл де өзінің шығарма кейіпкерінің ұрпағы екендігін айтып кетті. 
Шығармасын талдау барысында автор туындының шығу тарихын айтып берді. Автор «Әй, дүние-ай!» туындысының жеке адамның тағдыры емес екендігін. Бұл оқиғаларды архивтерді оқу қарау арқылы және кейіпкелердің өмірде болғандығы, оқиға желілерін байланыстыру үшін бас кейіпкерлері – Шәйі мен  Тазабекті ғана ойдан қосқандығын айтты. Негізгі кейіпкер 1916 жылғы көтерілістен бастап тәуелсіздік алған кезге дейінгі Шәйінің басынан өткен оқиғалар арқылы сол кездегі әрбір қазақ қыз – келіншектерінің басынан басынан өткен көп қиыншылықтар көрсетуге тырысқандығын баяндап берді. Халық жазушысымен кездесуге келген студент жастар қауымына өзінің өмірлік және осы шығармадағы оқиғалар туралы өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.
Кеш соңына қарай кітапханашы-менеджер Ерекеш Айдынгүл қазақ, қытай тілдерінде ән шырқап, бірнеше студенттер өз шығармашылығынан туындаған өлеңдерін оқып беріп, ерекше қолпашқа ие болды. Солтанаева Еркінгүл шығарманы талдауда ерекше көзге түскен студенттерге, автордың қолтаңбасы қойылған  кітаптарды табыс етті.
Жазушы кеш аяғына таман қазіргі жастарды кітап оқуға шақырып, кітапты оқудың пайдасының зор екендігі жайлы да сөз қозғап кетті
Тарихи көркем әдебиеттің классигімен жүздесу, одан авторлық қолтаңба алу, өмірбаяны, шығармашылығы, еңбек жолына арналған әдебиет пен мерзімді басылымдар, фотосуреттерден тұратын кітап көрмесін тамашалау – осының бәрі кездесуге келген жастардың, замандастардың бойында ұмытылмас әсер қалдырды деген сенімдеміз.