Ақпараттық сауаттылық – баршаға!

Құрметті университет студенттері, оқытушылары, қызметкерлері! Әл-Фараби атындағы кітапхана  «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында сіздер үшін «Ақпараттық-кітапханалық сауаттылық» атты семинар-тренинг өткізетінін хабарлайды. 

Семинарды өткізу мақсаты: студенттің ақпараттық көзқарасының қалыптасуына ықпал ету; оқу және ғылыми-зерттеу қызметін өзін-өзі ақпараттық қамтамасыз ету білім-білік, дағдыларын меңгеру.

Семинар барысында тыңдаушылар кітапхананың http://elibrary.kaznu.kz сайтының ресурстарымен және олардың мүмкіндіктерімен таныстырып, тыңдаушыларға  «ИРБИС» электрондық каталог бойынша іздеудің негізгі қағидаларын және  EBSCO, Polpred.com, «Эпиграф», IPRbooks және «Лань», Springer, Science Direct, BiblioRossica, «Университеттік онлайн кітапхана»  сияқты электрондық дерек қорларда тіркеліп, жұмыс істеуді үйренеді. 

Семинар сабақтар кітапхананың электрондық залында (3-қабат) әр дүйсенбі және жұма күндері сағ. 16.00-17.30 аралығында өткізіледі.

Анықтама телефондары: + 7 727 393 40 66, 393-49-27