Студенттердің ақпараттық-кітапханалық сауаттылығы

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттері үшін 2018 ж. 26 ақпанында әл-Фараби атындағы кітапханада «Студенттердің ақпараттық-кітапханалық сауаттылығы» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараға аға оқытушы Сатрабаева Аида бастаған 40 студент қатысты.

Семинарды өткізу мақсаты: студенттің ақпараттық көзқарасының қалыптасуына ықпал ету; оқу және ғылыми-зерттеу қызметін өзін-өзі ақпараттық қамтамасыз ету білім-білік, дағдыларын меңгеру.

Семинар жүргізушілері Сейткаликызы Ә.С., Рафкатова Л.Р. тыңдаушыларды  кітапхананың http://elibrary.kaznu.kz сайтының ресурстарымен және олардың мүмкіндіктерімен таныстырып, тыңдаушыларға  «ИРБИС» электрондық каталог бойынша іздеудің негізгі қағидаларын және  EBSCO, Polpred.com, «Эпиграф», IPRbooks және «Лань», Springer, Science Direct, BiblioRossica, «Университеттік онлайн кітапхана»  сияқты электрондық дерек қорларда тіркеліп, жұмыс істеуді үйретті.