Әл-Фараби қазақ және әлем философиясында, мәдениетінде, өркениетінде

2018 жылдың 21 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да профессор Ж.А. Алтаевтың 70 жылдығына арналған «Әл-Фараби қазақ және әлем философиясында, мәдениетінде, өркениетінде» атты конференция өтеді. Іс-шара барысында ғалымның еңбектеріне арналған көрме ұйымдастырылады.

Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:

Секция 1: Әл-Фараби мұрасы және өркениеттер сұхбаты
Секция 2: Түркі әлемінің мәдени, әлеуметтік және діни бірегейлігі
Секция 3: Қазақ философиясы: бастаулары – дәстүрлері – болашағы
Секция 4: Рухани жаңғыру: Заманауи Қазақстандағы руханилық, білім және саяси үдерістер

Ұйымдастыру комитеті: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті, Философия кафедрасы, әл-Фараби орталығы байланыс тел.: +7701 253 44 66 Аликбаева Жұлдыз, +7 707 117 71 13 Әлиев Шаттық.

Басталуы: 10.00  

Өткізілетін орны: кітапхана, 4 қабат.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ