«Университеттік онлайн кітапхана» ЭКЖ-сі және «БиблиоРоссика» дерекқоры тестілік режимде қолжетімді

 «Университеттік онлайн кітапхана» ЭКЖ. 

Құрметті кітапхананың пайдаланушылары! 2018 жылдың 22 қаңтарынан 30 сәуіріне дейін «Университеттік онлайн кітапхана» электронды-библиотекалық жүйесі тестілік режимде қолжетімді болады.

«Университеттік онлайн кітапхана» — оқу орындарының ақпараттық кеңістік шекарасын кеңейтіп, жетекші ресейлік баспалардың жоғары білімнің барлық саласы бойынша ең көп сұранысқа ие оқу және ғылыми әдебиеттеріне қол жеткізетін көптеген сервисі бар заманауи білім беру платформасы. ЭКЖ МемСТ талаптарына лайық сертификатталған.

Ресурста кітаптар, оқу құралдары, монографиялар, мерзімдік басылымдар, анықтамалықтар, сөздіктер, энциклопедиялар, бейне- және аудиоматериалдар, суреттелген өнер басылымдары, нон-фикшн әдебиеті, көркем әдебиет бар. Басылымдар каталогы жүйелі түрде өзекті әдебиеттерімен толықтырылып тұрады.

«Университеттік онлайн кітапхана» ЭКЖ білімнің барлық саласы бойынша 100 000 астам басылымды пайдалануға мүмкіндік береді. ЭКЖ-де көрсетілген 400-ден астам баспа білім алушыларды негізгі және  бейінді пәндерге арналаған басылымдармен қамтамасыз етеді. 

Пайдаланушыларды «Университеттік онлайн кітапхана» ЭКЖ-ге тіркеу http://biblioclub.ru/ сайтында  интернет желісіне қосылған университет компьютерлері арқылы жүзеге асырылады. Тіркелгеннен кейін пайдаланушыға ЭКЖ ресурстарына қашықтан қатынасуға мүмкіндік беріледі.

ЭКЖ-мен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықпен мына мекен-жай бойынша танысуға болады:

https://biblioclub.ru/index.php?page=static_red&id=107

Үйрену бейнероликтері (іздеу, оқу, іздеп іріктеу): https://www.youtube.com/playlist?list=PLaaItScJaf8avzZkazP3qsVMpfk_loNxm.

 

ЭКЖ-мен жұмыс істеу бойынша кеңесті кітапхананың 3 қабатында орналасқан электрондық залда сарапшы-менеджерден алуға болады.

«БИБЛИОРОССИКА» деректер қоры. 2018 жылғы 29 қаңтар мен 28 ақпан аралығында 17 000 кітаптан құралған және үнемі жаңартылып тұратын «БиблиоРоссика. Базалық жиынтық» деректер қоры тестілік режимде қол жетімді болады. 

«БиблиоРоссика» ЭКЖ-сінің базалық жиынтығына гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқулықтар, оқу және оқу-практикалық құралдар, монографиялар, журналдар, публицистика, сондай-ақ қазіргі заманғы орыстілді және аударма проза кіреді.

Кітаптардың толық мәтіндерінен бөлек, тестілік қолжетімділік режимде  қолданушыларға келесі мүмкіндіктер ашылады:
1. Кітаптардың толық каталогы
2. Атрибутивтік және толықмәтінді ізденіс
3. Дәйексөздерді мәтіндік редакторға көшіру
4. Кітапты бөлшектеп жүктеу
5. Кітап парақтарын басып шығару
6. Университет немесе кітапхана компьютерлері арқылы www.bibliorossica.com сайтында тіркелген соң, қолданушыға ресурсқа қашықтан қатынасу қолжетімді болады.
 

Аталмыш деректер қорымен жұмыс істеу бойынша қосымша ақпаратты кітапхананың электрондық залында алуға болады.