БИБЛИОРОССИКА

2018 жылғы 29 қаңтар мен 28 ақпан аралығында 17 000 кітаптан құралған және үнемі жаңартылып тұратын «БиблиоРоссика. Базалық жиынтық» деректер қоры тестілік режимде қол жетімді болады. 

«БиблиоРоссика» ЭКЖ-сінің базалық жиынтығына гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша оқулықтар, оқу және оқу-практикалық құралдар, монографиялар, журналдар, публицистика, сондай-ақ қазіргі заманғы орыстілді және аударма проза кіреді. 

Кітаптардың толық мәтіндерінен бөлек, тестілік қолжетімділік режимде  қолданушыларға келесі мүмкіндіктер ашылады:

  1. Кітаптардың толық каталогы
  2. Атрибутивтік және толықмәтінді ізденіс
  3. Дәйексөздерді мәтіндік редакторға көшіру
  4. Кітапты бөлшектеп жүктеу
  5. Кітап парақтарын басып шығару
  6. Университет немесе кітапхана компьютерлері арқылы www.bibliorossica.com сайтында тіркелген соң, қолданушыға ресурсқа қашықтан қатынасу қолжетімді болады. 

Аталмыш деректер қорымен жұмыс істеу бойынша қосымша ақпаратты кітапхананың электрондық залында алуға болады.