«Университеттік онлайн кітапхана» ЭКЖ

Құрметті кітапхананың пайдаланушылары! «Университеттік онлайн кітапхана» электронды-библиотекалық жүйесі тестілік режимде қолжетімді болды.

«Университеттік онлайн кітапхана» — оқу орындарының ақпараттық кеңістік шекарасын кеңейтіп, жетекші ресейлік баспалардың жоғары білімнің барлық саласы бойынша ең көп сұранысқа ие оқу және ғылыми әдебиеттеріне қол жеткізетін көптеген сервисі бар заманауи білім беру платформасы. ЭКЖ МемСТ талаптарына лайық сертификатталған.

Ресурста кітаптар, оқу құралдары, монографиялар, мерзімдік басылымдар, анықтамалықтар, сөздіктер, энциклопедиялар, бейне- және аудиоматериалдар, суреттелген өнер басылымдары, нон-фикшн әдебиеті, көркем әдебиет бар. Басылымдар каталогы жүйелі түрде өзекті әдебиеттерімен толықтырылып тұрады.

«Университеттік онлайн кітапхана» ЭКЖ білімнің барлық саласы бойынша 100 000 астам басылымды пайдалануға мүмкіндік береді. ЭКЖ-де көрсетілген 400-ден астам баспа білім алушыларды негізгі және  бейінді пәндерге арналаған басылымдармен қамтамасыз етеді. 

Пайдаланушыларды «Университеттік онлайн кітапхана» ЭКЖ-ге тіркеу http://biblioclub.ru/ сайтында  интернет желісіне қосылған университет компьютерлері арқылы жүзеге асырылады. Тіркелгеннен кейін пайдаланушыға ЭКЖ ресурстарына қашықтан қатынасуға мүмкіндік беріледі.

ЭКЖ-мен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықпен мына мекен-жай бойынша танысуға болады:https://biblioclub.ru/index.php?page=static_red&id=107

Үйрену бейнероликтері (іздеу, оқу, іздеп іріктеу): https://www.youtube.com/playlist?list=PLaaItScJaf8avzZkazP3qsVMpfk_loNxm.

ЭКЖ-мен жұмыс істеу бойынша кеңесті кітапхананың 3 қабатында орналасқан электрондық залда сарапшы-менеджерден алуға болады.