«Жоғары білім беруді жаңғырту аясында ЖОО кітапханаларын трансформациялау» атты II Халықаралық конференция 

2018 жылдың 15-16 ақпанында «Жоғары білім беруді жаңғырту аясында ЖОО кітапханаларын трансформациялау» атты II Халықаралық конференция өткізіледі. Конференция ЖОО кітапханалары жұмысының өзекті бағыттарын талқылайтын алаңға айналады: екі күн бойы ҚР ЖОО кітапханалары қызметкерлерінің, жақын және алыс шетелдік кітапханашылардың университеттердің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндамалары тыңдалады, шеберлік сабақтары өтеді, кеңес беру, пікірталастар жүргізіледі. 

Өткізу орны: 

1 күн – «Нархоз» университеті (Алматы қ., Жандосов көш., 55, «Нархоз» университетінің бас ғимараты);

2 күн день – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы (әл-Фараби д-лы, 71/27).

Іс-шараларға қатысу тегін. Іссапар шығындары – жіберуші тарапынан. 

Конференцияның бағдарламасы 15.02.2018

Конференцияның бағдарламасы 16.02.2018

Конференцияға қатысуды растауды келесі мекен-жайларға жіберулеріңізді сұраймыз: kulyash.meirbekova@narxoz.kz (+7 727)377-11-78, olga.roslova@narxoz.kz (+7 727)377-11- 98.

.