Эпиграф» баспасының цифрлық оқулықтары мен оқу құралдарының қоры бойынша  семинар-тренинг 

2018 жылдың 12 қаңтарында әл-Фараби атындағы кітапханада «Эпиграф» баспасының цифрлық оқулықтары мен оқу құралдарының қоры бойынша  семинар-тренинг өтті. 

Семинар-тренинг барысында баспа өкілдері:

- қолданушыларды «Эпиграф» деректер қорымен және оның қашықтықтан қолдану, конспект, библиографиялық сипаттама құрастыру кезінде және мамандықтар классификаторы бойынша әдебиет тізімін қалыптастыру барысында пайдалану мүмкіндіктерімен таныстырды.  

- Баспаның электрондық оқулықтарымен таныстырып, оларды оқу барысында пайдаланып, уақыт үнемдеу, т.б. артықшылықтары туралы айтты. 

Семинардың практикалық бөлімі электрондық кітапханада өтті. Қатысушылар дерек қорларына тіркеліп, олармен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын үйренді.  

Семинар-тренингке 50 адам қатысты: Нархоз университеті Ғылыми кітапханасының кітапханашылары (3), Әл-Фараби кітапханасының қызметкерлері (30); ҚазМемҚызПУ оқытушылары (5+ 1 студент), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары – шығыстану факультетінен (2), философия және  саясаттану факультетінен (2), химия және химиялық технология факультетінен (1), экономика және бизнес жоғары мектебінен (1), журналистика факультетінен (1), механика-математика факультетінен (1), Қаскелен мәдениет колледжінен (1), Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінен (2). 

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.