Болашақ кітапханашылардың ақпараттық-кітапханалық сауаттылығы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Кітапхана ісі» мамандығының 1-2 курс студенттеріне 2018 ж. 18 қаңтарында әл-Фараби кітапханасында «Студенттердің ақпараттық-кітапханалық сауаттылығы» атты семинар-тренинг өткізілді.  Іс-шараға 35 адам қатысты.
Семинарды өткізу мақсаты: студенттің ақпараттық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету, оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде ақпараттық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз ете білу дағдыларын үйрету.

Семинар барысында тренинг жүргізуші кітапхана қызметкерлері Аубакирова Ф. С., Рафкатова Л.Р. , Сейітқалиқызы Ә. қатысушыларды http://elibrary.kaznu.kz кітапхана сайтының ресурстарымен және мүмкіндіктерімен таныстырды, қолданушыларды «Ирбис» электрондық каталогымен жұмыс істеудегі негізгі қағидаларды үйретті және  EBSCO, Polpred.com, «Эпиграф», IPRbooks и «Лань» электрондық кітапханалық жүйелерінде, Springer, Science Direct дерек қорларында тіркеліп, жұмыс істеуді көрсетті.