Әл-Фараби кітапханасындағы жаңа жыл

2017 ж. 28 желтоқсанда әл-Фараби кітапханасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының қолдауымен кітапхана ұжымына арналған жаңажылдық концерт өтті. 

Мереке дәстүр бойынша кітапхана директоры Қ.Т. Туенбаеваның және оның орынбасары Ж.А. Арекенованың құттықтау сөздерінен басталды.

Мерекелік қойылым шығыс күнтізбесі бойынша ескі жыл – Тауық жылын шығарып салу мен жаңа жыл «иесін» Ит жылын қарсы алуға, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алуға арналған көңілді көріністерге толы болды. Сонымен қатар, қызметкерлердің орындауында «Аққулар» әзіл биі, кітапхана оқырмандары – дарынды студенттеріміздің жаңажылдық тартуы ретінде  музыкалық нөмірлер, түрлі ойындар болды. Барлық қонақтар мен қызметкерлерге мерекелік тәтті шашу таратылып, шағын сыйлықтар берілді.