Әл-Фараби кітапханасындағы кітап шыршасы

Жаңа жыл – елімізде көптен бері қалыптасқан мереке болса, жаңажылдық шыршаны безендіру осы мерекенің бір нышанына айналған.  Жаңа жыл қарсаңында әдемі безендірілген шыршалар үй ішінде, сауда орталықтарында, көшелерде, кеңселерде, мекемелерде құрылады. Кейбір жерлерде ғимарат жанында өсіп тұрған шыршалар безендіріледі, кейбір жерлерде – заманауи материалдардан жасалған жасанды шыршалар. Ал Әл-Фараби атындағы кітапханасы биыл екінші рет кітаптан жасалған шыршаны құрып қойды. Ұзындығы 2 метрге жуық шырша мен сәнді диванды құру үшін кітапхана қызметкерлері 1000-ға жуық есептен шығарылған кітаптарды пайдаланды. Басқа шыршаларға ұқсамайтын ерекше шыршамыз Жаңа жыл қарсаңында кітапхана оқырмандарына, қонақтарға мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлайды деген сенімдеміз.