Тәуелсіздік Күні

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздің негізгі мерекесі саналатын Тәуелсіздік Күнін атап өтті. 26 жыл ішінде Қазақстан әлемде толерантты және табысты мемлекет имиджін қалыптастырды. ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов өз сөзінде «Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың стратегиялық көзқарасы мен дұрыс бағыты Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларында үлкен өзгерістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін Қазақстанның даму үлгісінің табысты болуын алдын-ала анықтап берді», – деп атап өтті.

Бүгінгі таңда еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясын дәйектілікпен жүзеге асыру арқылы мақсатты түрде әлемнің үздік 30 елдер қатарына енуге  қадам жасауда.

Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістіктеріне әрбір қазақстандықтардың қосқан үлесі мен президенттік институттың саясатының маңызы зор. Және оны біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларымен, нақты іс әрекеттерімен тікелей байланыстырамыз.  

Салтанатты шара барысында сөз алғандар «Біздің еліміздің тәуелсіздігі - біздің халқымыздың ең қасиетті игілігі» екендігін атап өтті. Тарихи жетістіктердің кең ауқымды жарқын белгісі ретінде 26 жыл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы өрлеу мен тұрақты даму дәуірі болды.

Бүгінде біз академик Ғалым Мұтановтың басшылығымен бастаған университет ұжымының қысқа мерзім ішінде жаңа жетістіктері мен айтарлықтай табысқа жеткенін мақтанышпен айта аламыз. 

ҚазҰУ-дың ғаламдық ғылыми-білім беру рейтингісіндегі жаңа биіктерден көрінуі оның нақты көрсеткіштері болды. Жақында ҚазҰУ гуманитарлық ғылымдар бойынша RUR рейтингісінде әлемдегі 761 жетекші жоғары оқу орындарының ішінде 448-ші орынға, медицина ғылымдары мен жаратылыстану ғылымдары бойынша 411 және тиісінше 563 орынға ие болды.

RUR рейтингісі үшін жоғары оқу орындары жайлы деректерді арнайы Global Institutional ProfilesProject (GIPP) мәліметтерін зерттеу арқылы Thomson Reuters халықаралық компаниясы ұсынады.

Сондай-ақ, қазақстандық университеттің көшбасшылық тұғыры «UI Green Metric World Universities – 2017» ғаламдық танымал рейтингіде нығайтылды. ҚазҰУ 13 тұғырлық деңгейде алға жылжып, әлемнің 200 алдыңғы қатарлы «жасыл» жоғары оқу орындары арасында 186-орынды иеленген жалғыз қазақстандық жоғары оқу орыны болып танылды.

Ректор Ғалым Мұтанов университет ұжымы мен студенттерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ҚазҰУ-дың әлемдік жетістіктері жайлы хабардар етті және университет дамуына қосқан үлестері үшін ұжымға өз алғысын білдірді.

Бұл іс шараның ең маңызды сәті – ҚазҰУ-дың дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының профессоры Ни Валентинге, физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Хабиболла Оспановқа, дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының профессоры Серікбай Айсағалиевке, дене шынықтыру және спорт кафедрасының доценті Анатолий Носковқа Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясы Жоғары мектебінің «Еңбек сіңірген қайраткері» атағын тапсыру болды.  Сонымен қатар, «Үздік маман - 2017» байқауының құрмет грамоталары мен дипломдары университет қызметкерлеріне, декандар мен оқытушыларға табысталды. Салтанатты шараның соңында «Бахыт» балет-шоуы, «Фараби сазы» студенттік оркестрі және ҚазҰУ-дың басқа да көркемдік студенттік ұжымдарының мерекелік қойылымдары көрсетілді.

Ақпарат көзі; kaznu.kz