ЭКЖ «Лань» баспасы

Құрметті оқырмандар, әл-Фараби кітапханасы 2017 жылдың 23 қазанынан бастап 23 қарашасына дейін «Лань» баспасының ЭБЖ топтамалары тестілік режимде қолжетімді болатыны туралы хабарлайды:

  • География
  • Инженерлік-техникалық ғылымдар
  • Информатика
  • Өнертану
  • Орман шаруашылығы және орман инженерлік ісі
  • Математика
  • Музыка және театр
  • Құқық. Заң ғылымдары
  • Психология. Педагогика
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
  • Теориялық механика
  • Тамақ өндірісінің технологиялары
  • Физика
  • Химия
  • Ветеринария және ауыл шаруашылығы
  • Көркем әдебиет
  • Экономика және менеджмент
  • Тіл білімі және әдебиеттану

Сонымен қатар, ресурс ғылыми баспалар мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының 600-ден астам ғылыми журналдарына, әртүрлі білім салалары бойынша 35000-нан астам классикалық әдебиеттеріне қол жеткізу мүмкінідігін ұсынады.

Тіркелген пайдаланушыларға келесі мүмкіндіктер беріледі:

  • әр түрлі пәндер бойынша әдебиет таңдау кезінде оқытушыға ұсынылатын арнайы сервистер;
  • білім деңгейі, авторы, басылым жылдары бойынша кітаптар каталогіндегі фильтрлар;
  • әлеуметтік желілер арқылы тіркелу және авторлану мүмкіндігі;
  • IOS және Android операциялық жүйелерге арналған тегін мобильдік қосымша арқылы оффлайн режимінде құжаттармен жұмыс істеу;
  • пайдаланушының (оқырманның) жеке кабинеті: виртуалды кітап сөресі, кітаптарға жазбалар мен бетбелгілер, дәйексөз алу және конспектілеу, суреттер конспектісін құру мүмкіндігі және т. б. мүмкіндіктер;
  • қашықтықтан байланысу.

ЭБЖ-ға қол жеткізу үшін www.e.lanbook.com сілтемесі бойынша университеттің желіге қосылған кез келген компьютерінен тіркеуден өту қажет.

Қосымша ақпарат алу ушін 3 қабатта орналасқан электрондық кітапханаға менеджер-кітапханашыға хабарласыңыз.