Кітапхананы пайдалану ережесі

Әл-Фараби атындағы кітапхананы пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби атындағы кітапханасы (бұдан әрі қарай – Кітапхана) университеттің оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметінің тақырыптық бағыттары бойынша қорларды қалыптастырады, сақтайды және оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастырады.
1.2 Кітапхана ғылыми, ақпараттық және мәдени-ағартушылық сипаттағы қызметтерді атқарады, университеттегі оқу, оқу-тәрбиелік, ғылыми және инновациялық қызметтерді қамтамасыз етеді.
1.3 Осы Ереже Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, Кітапхана мен оқырмандардың құқықтарын және міндеттерін белгілейді.
1.4 Осы Ереже ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2000 ж. 17 қарашадағы № 827 бұйрығымен бекітілген «Жоғары кәсіптік білім беру  ұйымының кітапхана туралы» Үлгілік ережеге сәйкес; әл-Фараби атындағы кітапхана туралы Ережеге және университеттің нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленген.

2. Оқырмандардың Кітапханаға жазылу тәртібі

2.1 Оқырмандардың кітапханаға жазылуы абонементтерде университеттік ID-карта бойынша жүргізіледі.
2.2 Бірінші курс студенттері кітапханаға жеке куәлігі бойынша жазылады. ID-карта алғаннан кейін, Кітапхананың абонементінде қайта тіркеуден міндетті түрде өтіп, әрі қарай ID-картасын оқырман билеті ретінде пайдаланады.
2.3 Тіркелгеннен кейін оқырман осы Кітапхананы пайдалану ережесімен танысып, оны қатаң түрде сақтауға міндетті.
2.4 Университеттен кеткен жағдайда оқырмандар алған барлық басылымдарын кітапханаға міндетті түрде қайтаруы тиіс.

3. Абонементті пайдалану ережелері

3.1 Абонементте әдебиеттерді үйге беру жүзеге асырылады.
3.2 Әдебиетке тапсырыс беру кезінде оқырман ID-картасын ұсынады (1 курс студенттері қыркүйек айының соңына дейін – жеке куәлігін ұсынады).
3.3 Кітапхана қорынан кітаптарды және басқа да материалдарды алған кезде оқырман оларды мұқият қарап шығуы қажет, басылымның қандай да бір ақауы бар екенін байқаса, кітапханашыға көрсетуі қажет, болмаса басылымның ақауы үшін жауапкершілік соңғы пайдаланған оқырманға жүктеледі.
3.4 Үйге берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі шектеулі:

  • оқу әдебиеті оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес белгіленетін бір семестрге беріледі;
  • ғылыми әдебиеттер 1 айға 5 данадан артық берілмейді;
  • көркем әдебиет 15 күнге 3 данадан артық берілмейді;
  • бағдарламалық көркем әдебиет бір семестрге беріледі.

3.5 Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар, сирек кездесетін және құнды кітаптар тек оқу залдарында беріледі. Қажетті әдебиет абонементте болмай қалған жағдайда, оларға http://elibrary.kaznu.kz. кітапхананың сайтында ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНАДА қол жеткізуге болады.

4. Оқу залын пайдалану ережелері

4.1 Оқу залында қызмет көрсету университеттік ID-картаны  оқырман билеті ретінде абонементте тіркегеннен кейін ғана жүргізіледі.
4.2 Оқу залына кіргенде оқырман келгенін тіркеу үшін ID-картасын ұсыну керек.
4.3 Классикалық оқу залына келушілерге оқу залының қорында еркін пайдалану режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Оқырмандар қажет әдебиетін сөрелерден өз бетінше тауып, қарай алады.
4.4 Оқу залында отырып оқуға алынатын қажет кітаптардың, баспа туындылары мен өзге материалдардың саны шектелмейді.
4.5 Қажетті әдебиет оқу залында болмаған жағдайда, оны кітапхананың http://elibrary.kaznu.kz. сайтында «Электрондық кітапхана» немесе «Электрондық каталог» деген бөлімдерінен тауып,  залдың кітапханашы-менеджеріне тапсырыс беруге болады.
4.6 Оқу залындағы кітаптар ағымдағы күннің кешкі сағат 17.00-ден келесі күннің таңғы сағат 10.00-ге дейінгі уақыт аралығына үйге берілуі мүмкін.
4.7 Жалғыз данадағы әдебиет үйге берілмейді, бірақ қажетті беттерін залдағы ксерокс аппараттары немесе ұялы телефон арқылы көшірме жасап алуға болады.

5. Магистранттар залы

5.1 Диссертациялармен және авторефераттармен жұмыс тек магистранттар залында жүргізіледі. Диссертацияның жеке үзінділерін, авторефераттарды, сонымен қатар әдебиеттер тізімін көшіруге және/немесе сканерлеуге автордың жазбаша рұқсатымен ғана болады.
5.2 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, докторанттары, магистранттары және студенттері диссертациялар мен авторефераттарды арнайы сұраныс-хат негізінде пайдалана алады (1-қосымшаға қараңыз).
5.3 Диссертациялар қорын пайдалануға құқық беретін сұраныс хат бір жылға жарамды.Сұраныс хат
5.4 Диссертация материалдарын дұрыс пайдалануы үшін жауапкершілік оқырманның өзіне және сұраныс хатқа қол қойған оқырманның жетекшісіне жүктеледі.
5.5 Авторефераттар мен диссертациялардың электрондық нұсқаларына кітапхана сайтында (http://elibrary.kaznu.kz) қол жеткізуге болады.
5.6 Әл-Фараби кітапханасы диссертациялар қорын дәстүрлі (баспа) және электронды түрде қалыптастырады.
5.7 Авторлар кітапханаға (Негізгі қорды жинақтау және сақтау басқармасына):

  • баспа түріндегі диссертация және автореферат (1 дана);
  • CD-диск/флеш-картада (1 дана) диссертацияның электронды нұсқасын тапсыруы қажет.

5.8 Диссертация қатты түптеуде тігілген болуы керек.
5.9 Кітапхана диссертацияларға ғылыми өңдеу жүргізіп, кітапхананың анықтамалық іздеу аппаратына деректер енгізеді.
5.10 Кітапханаға түзетулері, ақаулары бар, мөрі анық басылмаған диссертациялар қабылданбайды.

6. Электронды кітапхананы пайдалану ережелері

6.1 Электрондық оқу залы Интернет желісі мен кітапханалық электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ компьютерлерде орнатылған оқу және ғылыми қызметіндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
6.2 Электрондық кітапхана пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мультимедиалық, Интернетпен, графикалық бағдарламалармен, электронды ресурстармен, электронды каталогтар және деректер қорымен, мультимедиялық файлдармен және спутниктік теледидармен жұмыс істеу  аймақтарына бөлінген.
6.3 Электронды кітапханаға кірген кезде оқырмандар менеджер-кітапханашыға ID-картасын (бірінші курс студенттері қыркүйек айы бойы – жеке куәлігін) көрсетіп, келу журналына жазылады.
6.4 Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

  • залда жұмыс істеу кезінде тамақ және сусындар ішуге;
  • сырт киіммен отырып, залда жұмыс істеуге;
  • өз бетінше компьютерлік жабдықтар мен перифериялық құрылғыларды қосуға/өшіруге;
  • телефонмен сөйлесуге.

6.5 Оқырмандар:

  • жеке ақпарат тасымалдағыштарды (флешка, дисклер) пайдаланғанда оларды «вирусқа» тексеруге;
  • телефонды өшіру немесе дыбыссыз режимге ауыстыруға;
  • электрондық кітапханада тыныштық сақтауға;
  • электрондық кітапхананың мүлкін (жабдық, техника, жиһаз және т.б.) бүлдірген жағдайда толық төлемін өтеуге міндетті.

6.6 Кітапхана әкімшілігі және электрондық кітапхана залының қызметкерлері оқырмандардың қараусыз қалған жеке заттарына жауапты емес.
6.7 Жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтамаған жағдайда оқырманға электронды кітапханада қызмет көрсету жартылай немесе толық шектелуі мүмкін.

7. Сирек және құнды басылымдармен жұмыс

7.1 Сирек және құнды басылымдарды тек оқу залдарында ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
7.2 Оқырман сирек және құнды басылымдарды пайдалану барысында оларға зақым келтірмейтіндей аса мұқият болуы қажет.
7.3 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлеріне қызмет көрсету ID-картасы бойынша кітапханада тіркелген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
7.4 Бір мезгілде 5 (бес) құжатқа дейн берілуі мүмкін.
7.5 Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілу кезінде оқырманға басылым берілмеуі мүмкін.
7.6 Сирек және құнды басылымдар қорының құжаттарын сканерлеуге және/немесе көшіруге болмайды.
7.7 Құжаттарды көшіру мақсатындағы емес фото- және кинотүсірілім Кітапхана әкімшілігінің рұқсаты бойынша жүргізіледі.

8. Сырттан келген пайдаланушыларға арналған ережелер

8.1 ҚазҰУ-дан басқа ЖОО-дан келген студенттерге студенттік билеті негізінде кітапхана қызметтері тегін көрсетіледі.
8.2 Сырттан келген пайдаланушылардың (қызметкерлер, докторанттар, оқытушылар, магистранттар) кітапханаға жазылуы кітапхана абонементінде жеке күәлігі/паспорты және төлемақы төленгені туралы түбіртек бойынша жүргізіледі.
8.3 Сырттан келген пайдаланушылар және заңды тұлғалар ақылы келісім-шарт негізінде әл-Фараби атындағы кітапханасын пайдалану абонементін ала отырып, кітапхана қызметтерін пайдалана алады.  Абонемент құны университеттің қаржы ұйымдары әзірлеген және жауапты проректор бекіткен Ақылы қызметтер тізімінде көрсетіледі.
8.4 Төлемақы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында университет кассалары арқылы жүргізіледі, төлем мақсатында «кітапханалық қызмет көрсету» деп жазылады.
8.5 Абонемент құнына – оқырман билеті, оқу залдарында және электрондық кітапханада жұмыс істеу (интернет, деректер қоры), деректер қорымен жұмыс істеуді үйрету, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету, кітапхана қорын, электрондық каталогты пайдалану кіреді.
8.6 Сырттан келген пайдаланушыларға студенттік билеті арқылы кітапхананың барлық оқу залдарында қызмет көрсетіледі және кітапхананың барлық қорларына қол жеткізе алады.
8.7 Сырттан келген пайдаланушыларға абонементте қызмет көрсетілмейді.
8.8 Сырттан келген пайдаланушы диссертациялармен және авторефераттармен жұмыс істеу үшін қызмет атқаратын немесе білім алып жатқан мекемесінен арнайы сұраныс хатты ұсынуы тиіс.Сұраныс хат
8.9 Сұраныс хат (1-қосымша) мекеменің ресми бланкісінде басылып, оған мекеме басшысының қолы қойылуы тиіс.
8.10 Диссертациялар қорын пайдалану құқық беретін сұраныс хат бір жылға жарамды.
8.11 Диссертациялық құжаттарды дұрыс пайдалану жауапкершілігі оқырманның өзіне және сұраныс хатқа қол қойған мекеме басшысына жүктеледі.

9. Сыйға берілетін кітаптармен жұмыс

9.1 Кітапхана сыйға келесі кітаптарды дәстүрлі және электронды түрде қабылдайды:

  • оқу және оқу-әдістемелік басылымдар (соңғы 5 жылдағы басылым);
  • ғылыми және ғылыми-кеңінен таралған (соңғы 5 жылдағы басылым);
  • көркем альбом;
  • отандық және шет елдік көркем әдебиеттер;
  • кітапхананың профиліне сәйкес келетін журналдар немесе жиынтықтағы жетіспейтін басылым данасын толықтыру;
  • сирек, ерекше, құнды категорияларға жататын басылымдар, қолжазбалар.

9.2 Сыйға қабылданатын басылымдардың негізгі өлшемдері – оның өзектілік, ғылыми, тарихи және көркемділік құндылығы, кітапхана қорын жинақтаудағы тақырыптық-типтік профилге сәйкес болуы.
9.3 Кітапхана ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға, нәсілдік төзбеушілік, қоғамға жат мінез-құлық және басқа да жағымсыз құбылыстарды насихаттауға бағытталған  басылымдарды сыйға қабылдамайды.
9.4 Сыйға берілетін кітаптарды Негізгі қорды жинақтау және сақтау басқармасына  немесе library@kaznu.kz электронды поштасына ұсынылатын басылымдардың авторы, атауы, баспасы, шыққан жылы, басылымның физикалық күйі көрсетілген тізімді жіберу қажет.
9.5 Сыйға берілетін басылымдар Негізгі қорды жинақтау және сақтау басқармасында қабылданады.

10. Оқырманның құқығы мен міндеттері

10.1 Кітапхана оқырмандарының:

  • ұсынылған кітапханалық-ақпараттық қызметтердің негізгі түрлерін тегін қолдануға;
  • кітапхананың барлық абонементтерінен кітаптарды және кез келген ақпарат көздерін уақытша пайдалануға;
  • кітапхана қорларының құрамы туралы ақпаратты электронды каталогтар мен басқа да кітапханалық ақпараттандыру түрлері арқылы алуға;
  • ақпарат көздерін таңдау және іздеу кезінде кеңес алуға құқығы бар.

10.2 Оқырмандар міндетті:

  • Кітапхананы пайдалану ережесін орындауға;
  • әдебиеттер алу үшін ID-картаны көрсетуге;
  • кітаптарға, басқа басылымдарға, кітапхана материалдары мен кітапхана мүлкіне ұқыпты болуға;
  • алған басылымдарды уақытында қайтаруға;
  • кітапханаға кіргенде қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне ID-картаны көрсетуге;
  • сырт киімді гардеробқа өткізуге, үлкен сөмкелер мен рюкзактарды сақтау камерасына қалдыруға;
  • телефонды өшіруге немесе дыбыссыз режимге ауыстыруға, қатты дауыстап сөйлемеуге, оқу залдарына тамақ пен сусындар әкелмеуге;
  • кітапхананың кітабын жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда оның нарықтық бағасын төлеуге немесе  дәл сондай кітапты қайтаруға;
  • абонементтегі және оқу залындағы кітаптарды қолдану мерзімін уақытында ұзартуға.

10.3 Кітап уақытында қайтарылмаған жағдайда 1 кітапқа 500 теңге айыппұл салынады және әрбір кешіктірілген күнге 100 теңге көлемінде қосылып отырады. Айыппұл төлеу қызметтері университет кассасы немесе «Керемет» СҚО арқылы жүзеге асырылады.
10.4 Оқу жылының соңында, 1 тамызға дейін барлық кітаптарды өткізу қажет, өткізбеген жағдайда 1 кітапқа күніне 30 теңге көлемінде айыппұл салынады.
10.5 Кітапханаға шығын келтіретін немесе Кітапханы пайдалану ережесін бұзатын оқырмандар осы ереже мен қолданыстағы заңнамада қарастырылған әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) жауапқа тартылады.

11. Оқырмандарға рұқсат етілмейді

11.1 Оқырмандарға:

  • кітапханада тәртіп пен тыныштық бұзуға;
  • әдебиет алу үшін басқа басқа адамның құжатын пайдалануға;
  • кітапханалық басылымдарды бүлдіруге, оларға белгі қоюға, сызуға, парақтарын бүктеуге, кесуге, жыртуға, құжаттарды RFID-белгісін бүлдіруге, суреттерді, карталарды, сызбаларды бастырып алуға;
  • қызметтік бөлмелерге, оқу залдарының қосалқы қорларына және кітап қорына рұқсатсыз кіруге;
  • оқу залдарында қайшы, өткір заттар, желім, оргтехникалық құрылғылар, тираждалған құжаттарды пайдалануға және оқу залынан әдебиеттерді алып шығуға;
  • кітапхана бөлмелерін және кітапханалық материалдарды фотоға, бейнеге түсіруге.  Фотоға, бейнеге түсіру тек әкімшіліктің рұқсатымен жүзеге асырылады;
  • кітапхананың оқу залдарынан әдебиеттерді алып шығуға және жеке заттарын қараусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.

 11.2 Кітапхана – шылымнан еркін аймақ, мұнда қалыптан тыс әрекеттер мен дөрекі мінез көрсетуге рұқсат етілмейді.

12. Кітапхананың міндеті және құқығы

12.1 Кітапхана:

  • «Әл-Фараби атындағы кітапханана туралы ережеге» және осы ережеге сәйкес оқырмандарға қызмет көрсетуге;
  • ұсынылатын қызметтердің барлық түрлерімен оқырмандарды ақпараттандыруға;
  • оқырмандарды кітапхананың барлық қорларын пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге;
  • кітап қоры, көрсетілетін қызметтер туралы көпшілікке таратуға, кітапқа деген қызығушылықты дамытып және ынталандыруға;
  • компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып, оқырмандарға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіруге;
  • кітапханада оқырмандардың жұмыс істеуіне ыңғайлы жағдай жасауға;
  • белгіленген ережелерге сәйкес қордағы бар кітаптарды, басқа басылымдар мен материалдарды пайдаланылуын, сақталуын және есеп жүргізілуін жүзеге асыруға;
  • мәдени ұлттық құндылығымыздың бір бөлігі болып саналатын қорлардың бүтінділігіне жауапты болуға;
  • берілген әдебиеттердің кітапханаға уақытылы қайтарылуын үнемі бақылап отыру, уақытында қайтармаған оқырмандарға айыппұл шараларын қолдануға;
  • кітапханада сақталған құжаттарға оқырмандардың қол жеткізуіне шектеу қоймауға міндетті.

12.2 Кітапхананың Кітапхананы пайдалану ережесін бұзған оқырмандарға айыппұл төлетуге құқығы бар.

Келесі ережелерді бұзған оқырмандар кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады:

  • оқу залында басқа адамның ID-картасын пайдаланса және тыныштық бұзса – 1 айға;
  • кітап, журнал және басқа басылымдарды (бетін жырту) бүлдіргені үшін – 3 айға;
  • қызметтік міндеттерін орындау барысында кітапхана қызметкерлеріне тіл тигізсе – 6 айға.

12.3 Нормативтік талаптарға сәйкес кітапхананың санитарлық күндер өткізуге құқығы бар. Бұл күні оқырмандарға қызмет көрсетілмейді.