«Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

14 қазан 2017 жылы ҚазҰУ-да Қазақстанға әйгілі ғалым-заңгер, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектеп Академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаевтың 90 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметіне 68 жыл толуына арналған «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Т.С. Донаков, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы И.И. Рогов, ҚР Бас прокуроры Ж.К. Асанов, Қазақстанның және шет мемлекеттердің заң саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының   мамандары, «Нұр Отан» саяси   партиясының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып, Сұлтан Сартаевты 90 жылдығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Жиын барысында Сұлтан Сартаевтың атына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтау хат оқылды. 

Осы іс-шараға әл-Фараби кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітап көрмесі қойылды. Көрмеде ғалымның он томдық өлеңдер жинағы, монографиялары, ғылыми еңбектері, жыр жинақтары, ой түйіндері, заңгер туралы еңбектер мен басылым беттеріне шыққан ой-толғаулар қойылды.

Конференция барысында «Академик С. С. Сартаев и его вклад в развитие государственно-правовой системы Республики Казахстан: прошлое, настоящее, будущее» атты заң факультетінің ұйымдастыруымен шыққан кітаптың тұсаукесері өтті. Сұлтан Сартаевтың еңбектерінде жастардың патриоттық және өнегелік санасы мен тәрбиесінің қалыптасуына үлкен әсері бар.