Жазылымды деректер қорлары бойынша «Кітапхана ісі» мамандығы студенттеріне арналған практикалық сабақ

2017 жылы 10 қазан күні электрондық кітапханада тарих, археология және этнология факультеті, «Кітапхана ісі» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған жазылымды деректер қоры бойынша сабақ жүргізілді. 

Сабақ барысында студенттер Polpred.com, EBSCO, Elsevier, IPRBooks, SpringerLink, Заң, Эпиграф жазылымды деректер қорымен жұмыс істеу негіздерін үйреніп, сондай-ақ сабаққа дайындалуда ақпаратты – толық мәтінді электронды кітаптар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалаларды іздеудің түрлі тәсілдерін меңгерді, кітапхананың электронды каталогы мен толық мәтінді деректер қорындағы ақпараттарды кеңейтілген және кәсіби іздеу түрлерін үйренді. Тыңдаушылар саны – 12 студент.